Жалпы ақпарат - Қарасай ауданының білім бөлімі http://karasai-audany.bilimbolimi.kz/ ru Жалпы ақпарат - Қарасай ауданының білім бөлімі DataLife Engine Қарасай аудандық білім бөлімі оқулықтарды таратуды бастады http://karasai-audany.bilimbolimi.kz/zhanalyktar/12985-arasaj-audandy-blm-blm-oulytardy-taratudy-bastady.html http://karasai-audany.bilimbolimi.kz/zhanalyktar/12985-arasaj-audandy-blm-blm-oulytardy-taratudy-bastady.html
Қарасай аудандық білім бөлімі 2025-2026 жаңа оқу жылы қарсаңында аудан мектептерін оқулықтармен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырды.

Аталған шара аясында барлық білім беру ұйымдарына оқу бағдарламасына сәйкес қажетті оқулықтар жеткізілуде. Бұл – оқушылардың сапалы білім алуына, мұғалімдердің оқу процесін жүйелі түрде жүргізуіне жасалған маңызды қолдау.

Қазіргі таңда оқулықтар аудан мектептеріне жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен таратылып жатыр. Бұл жұмыстардың басты мақсаты – жаңа оқу жылы басталғанға дейін әрбір оқушыны қажетті оқу құралдарымен толық қамтамасыз ету.

Қарасай аудандық білім бөлімі аталған істің білім сапасын арттыруға, жас ұрпақтың заманауи талаптарға сай білім алуына мүмкіндік беретініне сенімді.
[media=]]]>
admin13 Tue, 02 Sep 2025 10:38:10 +0600
Жаңа оқу жылының сандық деректері http://karasai-audany.bilimbolimi.kz/zhanalyktar/12984-zhaa-ou-zhylyny-sandy-derekter.html http://karasai-audany.bilimbolimi.kz/zhanalyktar/12984-zhaa-ou-zhylyny-sandy-derekter.html
 Цифровые данные нового учебного года]]>

 Цифровые данные нового учебного года

 






]]>
admin13 Mon, 01 Sep 2025 10:31:03 +0600
Қарасай ауданы білім бөлімінің апталық жұмысына шолу http://karasai-audany.bilimbolimi.kz/zhanalyktar/12982-arasaj-audany-blm-blmn-aptaly-zhmysyna-sholu.html http://karasai-audany.bilimbolimi.kz/zhanalyktar/12982-arasaj-audany-blm-blmn-aptaly-zhmysyna-sholu.html [media=]]]> admin13 Sun, 31 Aug 2025 10:24:45 +0600 «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» http://karasai-audany.bilimbolimi.kz/zhanalyktar/12968-blm-kelesheg-adal-azamat-ksbi-maman.html http://karasai-audany.bilimbolimi.kz/zhanalyktar/12968-blm-kelesheg-adal-azamat-ksbi-maman.html naqty.kz.
Конференция проходила сразу в трех населенных пунктах района, в том числе в городе Каскелене – на базе новой комфортной школы, в селе Шамалган – в многопрофильном колледже профессионального обучения, а также в школе села Кошмамбет. Специально к ней в каждом из трех учебных заведений были подготовлены выставки работ учеников и студентов, в том числе по робототехнике. 
В целом конференция охватила около 1700 педагогов, которые приняли участие в 42 панельных сессиях. Среди них руководители и методисты городских, районных отделов образования, директора, заместители директоров, психологи и социальные педагоги учреждений образования, руководители, методисты и воспитатели детских садов.
Главные цели этого масштабного мероприятия – подготовка к новому учебному году, обмен опытом, повышение квалификации педагогов, охват новых направлений учебно-воспитательного процесса.
Отмечалось, что в области более 362 тысяч учащихся, в том числе свыше 135 тысяч первоклашек. Главные задачи педагогов – совершенствовать своё мастерство, дать нашим детям качественное образование и гармоничное воспитание, помочь им вырасти достойными гражданами своей страны.
[media=] ]]>
admin13 Tue, 19 Aug 2025 15:55:42 +0600
“Келешек” мектептері мен Сүлеймен Демирель университеті арасында ынтымақтастық орнатылды http://karasai-audany.bilimbolimi.kz/zhanalyktar/12927-keleshek-mektepter-men-slejmen-demirel-universitet-arasynda-yntymatasty-ornatyldy.html http://karasai-audany.bilimbolimi.kz/zhanalyktar/12927-keleshek-mektepter-men-slejmen-demirel-universitet-arasynda-yntymatasty-ornatyldy.html Ауданымыздағы “Келешек” мектептері мен Сүлеймен Демирель университеті арасында ынтымақтастық орнатылды. “Келешек” мектептері 2025-2026 оқу жылына жаңа стратегиялық мақсаттар қойып, жоғары оқу орындарымен өзара байланысты нығайту бағытында жұмыстарын бастады.]]> Ауданымыздағы “Келешек” мектептері мен Сүлеймен Демирель университеті арасында ынтымақтастық орнатылды Ауданымыздағы “Келешек” мектептері 2025-2026 оқу жылына жаңа стратегиялық мақсаттар қойып, жоғары оқу орындарымен өзара байланысты нығайту бағытында жұмыстарын бастады.
Осы мақсатта Сүлеймен Демирел университетімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Кездесу барысында білім беру сапасын арттыру, заманауи педагогикалық технологияларды енгізу, мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау және оқушылардың жоғары оқу орнына бейімделуіне жағдай жасау бойынша бірлескен жобалар талқыланды.
Отырыс нәтижесінде келесі бағыттар бойынша нақты іс-шаралар жоспары құрылып, тараптарға нақты міндеттер жүктелді:
- Мұғалімдерге арналған біліктілік арттыру курстары;
- Оқушыларға арналған пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар конкурстары;
- Студенттер мен оқытушылар тарапынан тәжірибе алмасу;
- Университет базасында оқушыларға арналған таныстырылым сабақтары мен кәсіби бағдар беру.

Аталған ынтымақтастық екі жаққа да тиімді болмақ және білім беру жүйесінің сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталады.
 
[media=]]]>
admin13 Thu, 07 Aug 2025 17:13:08 +0600
«Келешек мектептері» жобасы аясында Бұлақты ауылында жаңа білім ошағы http://karasai-audany.bilimbolimi.kz/zhanalyktar/12926-keleshek-mektepter-zhobasy-ajasynda-blaty-auylynda-zhaa-blm-oshay.html http://karasai-audany.bilimbolimi.kz/zhanalyktar/12926-keleshek-mektepter-zhobasy-ajasynda-blaty-auylynda-zhaa-blm-oshay.html «Келешек мектептері» жобасы аясында Райымбек ауылдық округіне қарасты Бұлақты ауылында жаңа білім ошағы бой көтеруде]]> «Келешек мектептері» жобасы аясында Райымбек ауылдық округіне қарасты Бұлақты ауылында жаңа білім ошағы бой көтеруде. Президенттің тікелей тапсырмасымен салынып жатқан ғимараттың қазіргі құрылыс қарқыны жаман емес. Қабырғасы қаланып, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарына күш салынуда. Құрылысына жауапты компания өкілінің сөзіне сүйенсек, нысанды қолданысқа беретін күн де алыс емес.  

Бұлақты ауылында осы уақытқа дейін тозығы жеткен бір қабатты білім мекемесі болған. Оның өзі бастауыш сыныпқа арналған. Ал ауыл балалары жақын маңдағы елді мекендерге барып оқып жүрді. Енді, міне, жаңа мектеп салынып, ел игілігіне берілу жоспарлануда.

900 оқушыға арналған білім ошағы 3,18 га жер телімінің аумағына салынуда. Оның тапсырыс берушісі – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ. Аталған компания қаржыландырып отырған мектептің бой көтеруіне «Құрылысшы-ТБС» ЖШС мердігер мекеме ретінде жауапты. Ғимараттың жалпы ауданы 14 250 шаршы метрді құрайды.
 Бүгінде үш қабатты мектептің құрылыс барысы жоспарға сай жүргізілуде. Нысанның төлқұжатындағы сандарға көз тастасақ, ғимараттың алғаш қазығы 2023 жылы қағылып, сол кезден бастап іргетасы қалана бастаған. Қазіргі сипаты жаман емес. Сырты қапталып, ішкі жұмыстарына көп көңіл бөлінуде. Жоғары және кіші сыныптар үшін үш спортзал қарастырылған. Кабинеттері жақын уақытта сапалы жиһазбен жабдықталмақ. Ал мектептің пайдалану мерізіміне келер болсақ, оның да ауылы алыс емес сияқты. Бұл жайында құрылыс басшысы Елубай Сатыбалдиев жауап беріп, қазіргі жұмыстың жай-жапсарына тоқталды.

 Айта кетейік, өткен жылы ауданымызда 7 мектеп ашылды. Соның алтауы «Келешек мектептері» жобасы аясында қолданысқа берілсе, біреуі жергілікті бюджет есебінен салынды. Ал биыл тағы үш мектеп жоспарда тұр. Солардың қатарында жоғарыда атап өткен «Келешек мектептері» жобасы аясында жүзеге асып жатқан Бұлақты мен Алмалыбақ ауылдарындағы білім ошақтары бар. Одан бөлек оқушының жан басына қаржыландыратын «Асыл арман» тұрғын үй кешенінің маңындағы ғимаратты да атап өтуге болады.
[media=]]]>
admin13 Wed, 06 Aug 2025 16:58:48 +0600
“Мектепке жол” республикалық акциясы http://karasai-audany.bilimbolimi.kz/zhanalyktar/12922-mektepke-zhol-respublikaly-akcijasy.html http://karasai-audany.bilimbolimi.kz/zhanalyktar/12922-mektepke-zhol-respublikaly-akcijasy.html “Мектепке жол” республикалық акциясы басталды!]]> “Мектепке жол” республикалық акциясы басталды!
 2025 жылғы 1 тамыздан бастап, 30 қыркүйек аралығында еліміздің барлық аймағында дәстүрлі “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы басталды. � Мақсаты: әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға мектепке дайындық кезінде қолдау көрсету.
� Бірге – мейірімді болайық! Бала үшін – бір сөмке, бір дәптер, бір қалам да үміт пен қуаныш!
�Сен де үлес қос!
� Байланыс: 8747 664 51 07

]]>
admin13 Fri, 01 Aug 2025 09:59:53 +0600
«Үздік педагог – 2025» http://karasai-audany.bilimbolimi.kz/zhanalyktar/12921-zdk-pedagog-2025.html http://karasai-audany.bilimbolimi.kz/zhanalyktar/12921-zdk-pedagog-2025.html «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. ]]> «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқауға жалпы 25 педагог өтініш білдіріп, кәсіби шеберліктерін таныту мақсатында байқау ережесіне сәйкес құжаттарын ұсынды. Аудандық байқау комиссиясының отырысы ұйымдастырылып, қатысушылардың материалдары сараптама және бағалау критерийлері негізінде мұқият қаралды. Байқау қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған педагог аудан атынан облыстық кезеңге жолданды.

]]>
admin13 Thu, 31 Jul 2025 09:56:30 +0600
Алмалыбақ ауылындағы жаңа білім ошағы http://karasai-audany.bilimbolimi.kz/zhanalyktar/12920-almalyba-auylynday-zhaa-blm-oshay.html http://karasai-audany.bilimbolimi.kz/zhanalyktar/12920-almalyba-auylynday-zhaa-blm-oshay.html «Келешек» мектептері жобасы аясында салынып жатқан нысандардың бірі – Алмалыбақ ауылындағы жаңа білім ошағы. ]]> «Келешек» мектептері жобасы аясында салынып жатқан нысандардың бірі – Алмалыбақ ауылындағы жаңа білім ошағы. 1500 оқушыға арналған ғимарат заманауи талапта жабдықталған. 3 га жер теліміне орналасқан мектептің тапсырыс берушісі «Samruk-Kazyna Construction» АҚ болса, құрылысын жүргізген компания – «BI Group» ЖШС. Бүгінгі таңда білім мекемесі қолданысқа берілуге дайын. Айналасы абаттандырылып, әкімдіктің ықпалымен жолдары асфальтталып, жарықшамдары орнатылған. Қазіргі таңда жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары пысықталып, оқушылардың құжаттары қабылдануда.

[media=]]]>
admin13 Wed, 30 Jul 2025 09:52:51 +0600
Орта Азия Чемпионаты! http://karasai-audany.bilimbolimi.kz/zhanalyktar/12917-orta-azija-chempionaty.html http://karasai-audany.bilimbolimi.kz/zhanalyktar/12917-orta-azija-chempionaty.html Қырғызстан Республикасы, Чолпон-Ата қаласында классикалық шахматтан өткен Орта Азия Чемпионаты өз мәресіне жетті.  Кемертоған орта мектебінің 6-сынып оқушысы 🥇 Тойбол Сұлтан — Азия Чемпионы атанды! ]]> Қырғызстан Республикасы, Чолпон-Ата қаласында классикалық шахматтан өткен Орта Азия Чемпионаты өз мәресіне жетті. 
Аталған жарысқа 5 мемлекеттен 400-ге жуық шахматшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. 
🏆 Жарыс нәтижесінде: U-12 категориясында 📚 Кемертоған орта мектебінің 6-сынып оқушысы 🥇 Тойбол Сұлтан — Азия Чемпионы атанды! 
🇰🇿 Бұл — еліміз бен аужанымыз үшін зор мақтаныш! 
 Чемпионымызға жетекшілік еткен — Атшабаров Айдос ұстазымызға алғыс білдіреміз! 
 Жеңісің құтты болсын, Сұлтан! Әлі талай белесті бағындыра бер!
]]>
admin13 Mon, 28 Jul 2025 09:22:07 +0600