16 Қаңтар 2026 0 1 2 3 4 5 №2 ХАТТАМА Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығының 34-тармағына сәйкес мектепке дейінгі ұйым орналасқан жерін өзгерткен жағдайда (ғимаратты/үй-жайды ауыстыру) бұл туралы білім бөліміне кемінде 1 (бір) ай бұрын хабарлауы тиіс. Осы талапты басшылыққа ала отырып, 2025 жылғы 10 желтоқсандағы №2662 «Alldaspan» ЖШС «Nur-sabi» және №2661 «Alldaspan» ЖШС «Ademi-ai» балабақшаларының кіріс хабарламаларына, сондай-ақ 2026 жылғы 09 қаңтардағы «Alldaspan» ЖШС «Nur-sabi» №31 және «Alldaspan» ЖШС «Ademi-ai» №32 кіріс өтініштеріне сәйкес тиісті құжаттар білім бөліміне ұсынылды. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 28 тамыздағы № 381 бұйрығының 35–38-тармақтарын басшылыққа ала отырып, ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Комиссия «Alldaspan» ЖШС «Nur-sabi» және «Alldaspan» ЖШС «Ademi-ai» балабақшаларының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі туралы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.