Ауданымыздағы В.Белинский атындағы орта мектеп тағы бір үлкен жетістікке жетті. Еліміз бойынша екінші және Алматы облысы бойынша алғашқы мектеп болып «GSED» халықаралық дипломдық бағдарламасын жүзеге асыруды қолға алды.
Білім бөлімінің басшысы Әсел Еркімбаева облыстық тамыз кеңесінің пленарлық отырысында «Келешек мектептер концепциясы» тақырыбында баяндама жасап, тәжірибе алмасты.