«Махамбет оқулары» байқауы » Қарасай ауданының білім бөлімі
Алматы облысы
"Қарасай ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72771) 5-44-57
Бухгалтерия:
+7 (72771) 5-44-57
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » «Махамбет оқулары» байқауы
09
Қыркүйек
2025

«Махамбет оқулары» байқауы

Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 9 қыркүйек күні бас маман Г.Бихожаеваның ұйымдастыруымен Долан ауылындағы жайлы орта мектеп базасында аудандық «Махамбет оқулары» байқауы өткізілді.

Байқау жеңімпаздары:
 • «Долан ауылындағы жайлы орта мектеп» КММ 9-сынып оқушысы Пидахмет Еларыс – «Ұлы арман» (иллюстрациялық сурет салу) бағыты бойынша І орын. Жетекшісі: Бейсенбиев Ақжол Сәрсенбекұлы.
 • «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп» КММ 9-сынып оқушысы Талипова Асел – «Ел құтқарар ер едім…» бағыты бойынша І орын. Жетекшісі: Утесинова Лаззат Алимбековна.
 • «Қошмамбет ауылындағы жайлы мектеп» КММ 11-сынып оқушысы Еркін Ердәулет – «Тартынбай сөйлер асылмын…» бағыты бойынша І орын. Жетекшісі: Базарбаева Айгерім Айдарбекқызы.
 • «Абай ауылындағы №2 орта мектеп» КММ 10-сынып оқушысы Жұмахан Жаннұр – «Шашақты найза, шалқар күй» бағыты бойынша І орын. Жетекшісі: Башанова Айгерім Ерланқызы.
 • «Абай ауылындағы №2 орта мектеп» КММ 8-сынып оқушысы Есілбай Самтыр – «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» бағыты бойынша І орын. Жетекшісі: Оспан Маржан Бауыржанқызы.

Жүлдегер оқушылар мен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Облыстық кезеңде сәттілік тілейміз! 
[media=]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив