Республикалық олимпиада » Қарасай ауданының білім бөлімі
Алматы облысы
"Қарасай ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72771) 5-44-57
Бухгалтерия:
+7 (72771) 5-44-57
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Республикалық олимпиада
10
Қыркүйек
2025

Республикалық олимпиада

Ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиадаға тіркеу басталды

2025 жылғы 10-15 қыркүйек аралығында ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І кезеңіне тіркеу жүргізіледі. Тіркелу процесі smart.daryn.kz платформасында өтеді.

Олимпиадаға ауылдық жерде орналасқан мамандандырылған білім беру ұйымдарынан басқа мектептердің барлық ниет білдіруші оқушылары қатыса алады.

Ерекшеліктері:

- Оқушылар олимпиадаға бірнеше жыл қатарынан қатыса алады;

- Өткен жылғы жеңімпаздар биылғы республикалық кезеңге конкурстан тыс қатысу мүмкіндігіне ие (шарт – барлық кезеңдерге қатысу);

- Тіркеу мектептегі компьютер немесе ноутбук арқылы жүзеге асады.

 Олимпиада 4 кезеңнен тұрады:

Бастапқы – қыркүйек;

Аудандық – қазан;

Облыстық – қараша;

Республикалық – желтоқсан.

Анықтама үшін: Олимпиада Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың бастамасымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Соңғы екі жылда бастапқы кезеңге 180 мыңға жуық оқушы қатысты. Нәтижесінде ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадаларға қатысу көрсеткіші он есеге артты.

Видео-нұсқаулық:
https://youtu.be/kxL3YVxllWU
https://youtu.be/tHjxv6l5C5o

#Дарын #Олимпиада2025 #АуылМектебі #ДарындыОқушы 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив