СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРҒА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ » Қарасай ауданының білім бөлімі
Алматы облысы
"Қарасай ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72771) 5-44-57
Бухгалтерия:
+7 (72771) 5-44-57
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРҒА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ
01
июнь
2023

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРҒА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ

‼️Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін мектепке дейінгі ұйымдарға жұмысқа орналасу тәртібі туралы. 
☑️ Педагогтерді жұмысқа қабылдау конкурс және өлшемді критерийлер арқылы жүзеге асырылады. 
☑️ Педагогтің мәртебесі, құқықтары, әлеуметтік кепілдіктері мен шектеулері, міндеттері мен жауапкершілігі «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VI ҚР Заңында айқындалған. 
☑️ Заңның күші мектепке дейінгі ұйымдарда кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтерге де қолданылады.
☑️ Заңның 4-бабына сәйкес білім беру саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті ұйыммен еңбек қатынастарында болу кезеңінде жеке тұлға педагог мәртебесіне ие болады.
☑️ «Білім туралы» ҚР Заңының 43-бабының нормасымен білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесін жүзеге асырудағы, кадрларды іріктеудегі және орналастырудағы дербестігі айқындалған.
☑️ Мектепке дейінгі білім беру саласындағы педагог лауазымдарының тізбесі ҚР БҒМ-нің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген.
☑️ Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары (ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы   
№ 57 бұйрығы) - мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату тәртібі, бірінші басшы лауазымына конкурс өткізу тәртібі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, сертификаттаудан өту тәртібі, әңгімелесуден өту тәртібі, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібі айқындалған.
☑️ Бірінші басшы лауазымына орналасу жұмыс берушінің шешіміне сәйкес немесе конкурс бойынша жүзеге асырылады.
☑️ Бірінші басшыны жұмысқа қабылдау еңбек шартын жасасу және жұмыс берушінің актісін шығару жолымен жүзеге асырылады.
☑️ Конкурстық комиссияның оң қорытындысы жұмысқа қабылдау үшін негіз болып табылады.
☑️ Педагогтерді білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің базасында, ақпараттық жүйе болмаған кезде - қағаз форматта жүзеге асырылады.
☑️ Мемлекеттік білім беру ұйымдағы бос орынға педагогті орналастыру бойынша конкурсты мемлекеттік білім беру ұйымы ұйымдастырады.
☑️ Байқауға педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін педагогтар қатысады. 
☑️Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы) – педагогтің лауазымдық міндеттері мен біліктілігіне қойылатын талаптар айқындалған. 
☑️ Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттары (ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысы) – топтардың санына байланысты және бір топқа есептегенде лауазымдардың, штат бірліктерінің саны көрсетілген.
☑️ НҚА талаптары педагогтерді жұмысқа орналастыру кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және педагог лауазымына кандидаттарды сапалы іріктеуге бағытталған.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив