18
март
2026
“Қазақ үні” газетінде Қарасай ауданы
“Қазақ үні” газетінде Қарасай ауданы, “Б.Тамабаев атындағы орта мектеп” КММ педагог-психологі Қосан Сәния Ержанқызының Қарасай ауданы педагог-психологтарға өткізілген семинар туралы мақаласы жарық көрді. Мақалада Қарасай ауданы педагог-психологтарына арналған семинардың өзектілігі мен мазмұны жан-жақты қамтылған. Семинар барысында білім беру ұйымдарында оқушылардың психологиялық саулығын сақтау, зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу, жәбірленуші балаларға кешенді көмек көрсету жолдары кеңінен түсіндірілген. Сондай-ақ нақты жағдайлар негізінде жұмыс жүргізу алгоритмдері ұсынылып, педагог-психологтардың кәсіби әрекет ету дағдыларын жетілдіруге баса назар аударылған. Іс-шара аясында мамандар өзара тәжірибе алмасып, тиімді әдіс-тәсілдерді талқылады. Супервизияның маңыздылығы атап өтіліп, оның мамандардың кәсіби күйіп кетуінің алдын алудағы және жұмыс сапасын арттырудағы рөлі көрсетілді. Қатысушылар практикалық жаттығулар мен тренинг элементтері арқылы сенімді қарым-қатынас орнату, эмпатияны дамыту, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын шыңдады. Семинар нәтижесінде педагог-психологтар білім беру ортасында қауіпсіз әрі қолайлы психологиялық ахуал қалыптастырудың тиімді жолдарын айқындап, алдағы жұмысында қолдануға қажетті құнды тәжірибе жинақтады. #АлматыОблысы #ПсихологиялықПедагогикалықҚолдау #ОқуӘдістемелікОрталығы #ПедагогПсихолог #ПсихологҚолдау #ПсихологиялықДаму #ПедагогикалықҚолдау #БілімЖәнеДаму