“Батан ауылының орта мектебі” КММ директоры лауазымына тағайындалды. » Қарасай ауданының білім бөлімі
Алматы облысы
"Қарасай ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72771) 5-44-57
Бухгалтерия:
+7 (72771) 5-44-57
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » “Батан ауылының орта мектебі” КММ директоры лауазымына тағайындалды.
16
март
2026

“Батан ауылының орта мектебі” КММ директоры лауазымына тағайындалды.

2026 жылдың 11 наурыздағы “Алматы облысының білім басқармасы” мемлекеттік мекемесінің №42-42/409 хаты, конкурстық комиссиясының №3 хаттамасының және “Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 13 наурыздағы №6 бұйрығының негізінде Бегалиев Жанат Тельманович “Батан ауылының орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.
Бегалиев Жанат Тельманович -  2004 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Тарихшы-шығыстанушы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 22 жылдық еңбек өтілі бар, тәжірибелі педагог, ұйымдастырушылық және басқарушылық қабілеті жоғары маман. Білімі жоғары, санаты педагог-зерттеуші.
Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласындағы Қазақ-түрік лицейінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастады. 2006-2009 жылдар аралығында дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мектеп-гимназияда ұстаздық етсе, 2009-2011 жылдары Д.А. Қонаев атындағы университетте оқытушылық қызмет атқарып, ғылыми-педагогикалық тәжірибе жинақтады.
Жанат Тельмановичтің басқарушылық қызметтегі жолы 2011 жылы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымынан басталды. Одан кейінгі жылдары ол білім беру жүйесіндегі әдістемелік жұмыстарға белсене араласты. Атап айтқанда, 2015-2018 жылдары Алматы облыстық әдістемелік орталығының Қарасай ауданы бойынша бөлім басшысы қызметін атқарды.
2018-2019 жылдары Қаскелең қаласындағы Керімбеков атындағы орта мектептің директоры болып тағайындалып, білім ордасының менеджментін жетілдіруге үлес қосты. 2019-2021 жылдары облыстық әдістемелік орталықта инновация және менеджмент бөлімінің әдіскері ретінде білім беру саласындағы жаңашыл жобаларды үйлестірді.
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы білім басқармасының «Облыстық әдістемелік орталығы» КММ Қарасай ауданы бойынша бөлім басшысы лауазымында қызмет етіп келеді. Ол өзінің көпжылдық педагогикалық және басқарушылық тәжірибесін аудан мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыруға және білім сапасын жақсартуға бағыттап келеді.

Похожие публикации:

01 август 2025 ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив