📌 ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ » Қарасай ауданының білім бөлімі
Алматы облысы
"Қарасай ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72771) 5-44-57
Бухгалтерия:
+7 (72771) 5-44-57
Нашар
көрушілер нұсқасы
09
июль
2025

📌 ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

📌 ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

2025 жылғы 8 шілдедегі №42-42/758 конкурстық комиссия хаттамасының және “Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 8 шілдедегі №57 бұйрығының негізінде Өмірзақова Назигүл Жеңісқызы “Шамалған ауылындағы «Бота» балабақшасы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

👩‍🏫 Өмірзақова Назигүл Жеңісқызы — 32 жылдық еңбек өтілі бар, тәжірибелі педагог, ұйымдастырушылық және басқарушылық қабілеті жоғары маман.

🎓 Білімі:
 • Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (1993–1998 жж.), мамандығы: экология-география пәнінің оқытушысы;
 • Жамбыл гуманитарлық техникалық университеті (2010–2012 жж.), мамандығы: педагогика-психология.

📋 Біліктілік санаттары:
 • Ұйымдастырушы басшы;
 • Педагог-модератор (бейіні бойынша).

🛠️ Еңбек жолы:
 • 1990–2003 жж. — Алматы қаласы, №326 балабақша, тәрбиеші;
 • 2006–2010 жж. — Қарасай ауданы, «Айдария» балабақшасы, тәрбиеші;
 • 2010–2019 жж. — Райымбек ауылы, «Нұр-Ай» балабақшасы, әдіскер-психолог;
 • 2019–2025 жж. — Қаскелең қаласы, «Жанерке» балабақшасы, меңгеруші.

🌱 Көп жылдық тәжірибесі мен үздіксіз еңбегінің арқасында Назигүл Жеңісқызы мектепке дейінгі білім беру саласына өз үлесін қосып келеді. Жаңа қызметінде сәттілік, шығармашылық табыс және іскерлік биіктер тілейміз!

@almatyoblbilim
@qarasai_akimdigi


Похожие публикации:

25 декабрь 2020 Қош келдіңіздер!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив