📌 ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ » Қарасай ауданының білім бөлімі
Алматы облысы
"Қарасай ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72771) 5-44-57
Бухгалтерия:
+7 (72771) 5-44-57
Нашар
көрушілер нұсқасы
08
июль
2025

📌 ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

📌 ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

2025 жылғы 8 шілдедегі №42-42/772 конкурстық комиссия хаттамасының және “Алматы облысының білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің №55 бұйрығы негізінде Қайнарбаева Гүлмира Багашарқызы “Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі” мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.

👩‍🏫 Қайнарбаева Гүлмира Багашарқызы — 31 жылдық педагогикалық еңбек өтілі бар, тәжірибелі педагог және білім беру ісінің білікті ұйымдастырушысы.

🎓 Білімі:
 • Есік педагогикалық училищесі, мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі;
 • Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, мамандығы: педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі.

🛠️ Еңбек жолы:
 • 1994–1999 жж. — Жаңа Шаруа орта мектебі (Еңбекшіқазақ ауданы), бастауыш сынып мұғалімі;
 • 1999–2001 жж. — Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп (Еңбекшіқазақ ауданы), бастауыш сынып мұғалімі;
 • 2001–2006 жж. — Қошмамбет атындағы орта мектеп (Қарасай ауданы), бастауыш сынып мұғалімі;
 • 2006 жылдан бүгінге дейін — Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және бастауыш сынып мұғалімі.

📚 Жаңа басшыға алда атқарар жауапты қызметінде сәттілік, шығармашылық табыс, білім ұжымына береке тілейміз!

@almatyoblbilim
@qarasai_akimdigi


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив