Қашықтан оқыту білім сапасын арттыруға кедергі келтірмейді. » Қарасай ауданының білім бөлімі
Алматы облысы
"Қарасай ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72771) 5-44-57
Бухгалтерия:
+7 (72771) 5-44-57
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Қашықтан оқыту білім сапасын арттыруға кедергі келтірмейді.
29
октябрь
2020

Қашықтан оқыту білім сапасын арттыруға кедергі келтірмейді.

2020 жылдың 29 қазан  күні  Қарасай  ауданы  білім  бөлімі  мемлекеттік  мекемесінің ұйымдастыруымен  «Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі» КММ-де «Мектеп басқарудың  педагогикалық  жүйесі  және  нысаны»  атты  ашық  алаң  өткізілді.  Ашық алаңның мақсаты: Білім сапасын арттыру үшін білім беруді басқарудың маңызын ашу. Ашық  алаңға  мектеп басшылары  қатысты. Жиынды  Қарасай  ауданының  білім бөлімінің  аға  әдіскері  М. Нурсапаева ашып  берді. Мектеп  директоры  А.Болымбекова  өз   іс- тәжірибесін  «Мектеп  басқарудың  жаңа  құрылымы» тақырыбында баяндады. Мектептегі  барлық  жетістіктер, жұмыстардың жүйелі  жүргізілуі   4 СССС ( Саналылық, сыйластық, сүйіспеншілік, сенімділік)  қағидасымен жұмыс істеудің нәтижесі екенін атап  көрсетті. Алдағы  уақытта  да қазіргі  қиындыққа  қарамай әрбір  педагог, әрбір  оқушы   «Табысты мектеп», «Табысты мұғалім», «Табысты оқушы»  ұранымен нәтижеге  жететінін  үлкен  сеніммен атап өтті.  Білім  сапасын  арттырудың  басты  құралы -  мектепішілік бақылау. Оның  жүйелі  жоспарлануы  мен  жүргізілуі  туралы, нәтижесі  туралы директордың оқу  ісі  жөніндегі  орынбасары  Г. Қайнарбаева атап  көрсетті. Ұжымның  әрбір  ісінде  «Мектепке деген махаббат», «Мұғалімге  деген  құрмет», «Оқушыларға деген сүйіспеншілік» қағидасының  бар екені көрінеді.
Ашық алаңнан алған әсерімізге ризашылығымызды  білдіреміз.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив