25
декабрь
2020
Қош келдіңіздер!
Мен Еркимбаева Асел Аблеевна, 1979 жылдың қараша айының 14 Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Самсы ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1987 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Самсы ауылындағы орта мектебінде 1 сыныпқа барып, 1995 жылы Алматы облысы Қарасай ауданы Б.Соқпақбаев мектебін аяқталған.. 2000-2004 жылдар аралығында Алматы каласындағы Заң колледжі, Құқықтану мамандығы бойынша арнаулы орта дипломын алды.
2004-2006 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Абай атындағы мемлекеттік университеті, тарих, құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша жоғары диплом.
1998 жылы 1 қантарда Алматы каласы, Каменка ауылдық округі, заңгер- консультант , 2000 жылы 5 қыркүйекте Р.Сәрсенбин атындағы орта мектебінде құқық пәнінің мұғалімі. 2003 жылы 1 желтоқсанда Мустафин атындағы орта мектебі, педагог ұйымдастырушы;
2004 жылы 1 қыркүйекте тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2006 жылы 6 мамырда «Қапшағай қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маманы қызметін атқарған.
2007 жылы 1 қазанда «Қарасай ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маманы.
2013 жылы 9 желтоқсанда Елтай ауылдық округінде бас маманы.
2017 жылы 11 қарашада «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман.
2020 жылы 9 қарашада «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бөлім басшысының орынбасары,
2023 жылы 13 маусымынан бастап «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бөлім басшысы.
Құрметті сайт қонақтары, біздің сайт білім беру саласына байланысты өзекті мәселелер мен проблемаларды талқылауда қатысуға мүмкіндік болып табылады.
Біздің мақсаттар Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына негізделген:
-оқытушының ақпараттық мәдениетін және біліктілігін арттыру ;
-білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту;
-мектепке дейінгі мекемелердің, кіші-орталықтар желісін дамыту;
-білім беру сапасын бағалау;
-cандық білім беру ресурстарының оқу үрдісіне енгізу, мектеп қызметіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
-жоғары білім берудің республикалық, облыстық институттарымен ынтымақтастықты ұйымдастыру;
Көп жағдайларда, біздің жұмыс жұртшылыққа елеусіз өтеді. Сондықтан біздің жұмыс туралы ақпарат осы арнайы сайтымызда қол жетімді болады.
Қарасай ауданы білім бөлімінің арнайы мемлекеттік WEB-порталы, оқу орындарының өмірінде білім беру жүйесі мен қатысуы туралы қажетті ақпаратты алуға көмек көрсетеді. Біз ынтымақтасуға дайынбыз. Біздің интернеттегі қызметіміз болашақта тиімді болады деген сенімдеміз.
Құрметпен,
Білім бөлімінің басшысы - Еркимбаева Асел Аблеевна.