📌 ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ » Қарасай ауданының білім бөлімі
Алматы облысы
"Қарасай ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72771) 5-44-57
Бухгалтерия:
+7 (72771) 5-44-57
Нашар
көрушілер нұсқасы
08
июль
2025

📌 ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

📌 ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

2025 жылғы 8 шілдедегі №42-42/758 конкурстық комиссия хаттамасының және “Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 8 шілдедегі №58 бұйрығының негізінде Абдрахманова Жанар Киргизбековна “Алмалыбақ ауылындағы жайлы мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.

👩‍🏫 Абдрахманова Жанар Киргизбековна — 25 жыл 5 ай педагогикалық және мемлекеттік еңбек өтілі бар, жоғары санатты, қос дипломды тәжірибелі маман.

🎓 Білімі:
 • “Қайнар” университеті, мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
 • Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, мамандығы: орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

🛠️ Ұстаздық еңбек жолы:
 • 2000–2015 жж. — Алматы қаласы №83 орта мектеп-гимназиясы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
 • 2015–2017 жж. — Қаскелең мәдениет колледжі, директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары;
 • 2017–2023 жж. — Абай атындағы орта мектеп-гимназиясы (Қаскелең қаласы), директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
 • 2023–2025 жж. — Үштерек орта мектебі, директор.

📚 Көп жылдық тәжірибесі мен көшбасшылық қабілеті бар Жанар Киргизбекқызына жаңа қызметінде толағай табыстар, ұжыммен үйлесімді жұмыс және білім сапасын көтеру жолында жемісті еңбек тілейміз!

@almatyoblbilim
@qarasai_akimdigi


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив