ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ » Қарасай ауданының білім бөлімі
Алматы облысы
"Қарасай ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72771) 5-44-57
Бухгалтерия:
+7 (72771) 5-44-57
Нашар
көрушілер нұсқасы
01
август
2025

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

�ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
 2025 жылғы 31 шілдедегі №42-42/849 конкурстық комиссия хаттамасының және «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 1 тамыздағы №60 бұйрығының негізінде Айнабекова Гульбану Сайлаубековна «Үштерек орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.
 
Гульбану Сайлаубековна – 32 жылдық педагогикалық және мемлекеттік еңбек өтілі бар, жоғары санатты, «Басшы-менеджер» біліктілік санатына ие тәжірибелі маман.


Білімі:
 • Қазақтың қыздар педагогтік институты, мамандығы – химия және биология пәндерінің мұғалімі.
 
Еңбек жолы:
• 1993–2008 жж. – Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Ақжол ауылы, «№25 Жаңа жол жалпы білім беретін мектеп» КММ – химия және биология пәні мұғалімі;
 • 2008–2016 жж. – аталған мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
 • 2016–2024 жж. – сол мектептің директоры;
 • 2024–2025 жж. – Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, «Алтын ауыл орта мектебі» КММ – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.
 Көп жылғы тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі жоғары, ұйымдастырушылық және көшбасшылық қабілеті мол Гульбану Сайлаубековнаға жаңа қызметінде сәттілік, ұжыммен үйлесімді жұмыс, білім сапасын арттыру жолында жемісті еңбек пен биік жетістіктер тілейміз!

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив