“Қазақ үні” газетінде Қарасай ауданы » Қарасай ауданының білім бөлімі
Алматы облысы
"Қарасай ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72771) 5-44-57
Бухгалтерия:
+7 (72771) 5-44-57
Нашар
көрушілер нұсқасы
» “Қазақ үні” газетінде Қарасай ауданы
01
июнь
2026

“Қазақ үні” газетінде Қарасай ауданы

“Қазақ үні” газетінде Қарасай ауданы, “Б.Тамабаев атындағы орта мектеп” КММ педагог-психологі Қосан Сәния Ержанқызының Қарасай ауданы педагог-психологтарға өткізілген семинар туралы мақаласы жарық көрді. Мақалада Қарасай ауданы педагог-психологтарына арналған семинардың өзектілігі мен мазмұны жан-жақты қамтылған. Семинар барысында білім беру ұйымдарында оқушылардың психологиялық саулығын сақтау, зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу, жәбірленуші балаларға кешенді көмек көрсету жолдары кеңінен түсіндірілген. Сондай-ақ нақты жағдайлар негізінде жұмыс жүргізу алгоритмдері ұсынылып, педагог-психологтардың кәсіби әрекет ету дағдыларын жетілдіруге баса назар аударылған. Іс-шара аясында мамандар өзара тәжірибе алмасып, тиімді әдіс-тәсілдерді талқылады. Супервизияның маңыздылығы атап өтіліп, оның мамандардың кәсіби күйіп кетуінің алдын алудағы және жұмыс сапасын арттырудағы рөлі көрсетілді. Қатысушылар практикалық жаттығулар мен тренинг элементтері арқылы сенімді қарым-қатынас орнату, эмпатияны дамыту, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын шыңдады. Семинар нәтижесінде педагог-психологтар білім беру ортасында қауіпсіз әрі қолайлы психологиялық ахуал қалыптастырудың тиімді жолдарын айқындап, алдағы жұмысында қолдануға қажетті құнды тәжірибе жинақтады.
 #АлматыОблысы
 #ПсихологиялықПедагогикалықҚолдау
 #ОқуӘдістемелікОрталығы
 #ПедагогПсихолог
 #ПсихологҚолдау
 #ПсихологиялықДаму
 #ПедагогикалықҚолдау
 #БілімЖәнеДаму
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив