"Діни экстремизм мен терроризм – ғасыр індеті!" тақырыбында тәжірибелік-конференция өткізілді.
Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі 2019 жылдың 16 қазанында бөлімге қарасты №15 мектеп-лицей базасында мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар және «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мұғалімдерімен "Діни экстремизм мен терроризм – ғасыр індеті!" тақырыбында тәжірибелік-конференция өткізілді. Конференция қонақтары Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблеммаларын зерттеу орталығының теолог маманы Алпысбаев Бақтияр Қаржаубайұлы және Жуалы ауданындық инспекторы Абделиев Рамазан Маратұлы Жуалы ауданындағы діни-ахуал туралы мәліметтер берді. Бұл конференцияда жас жеткіншектердің тез сенгіш келетінін ескеріп діни алауыздықтың алдын алу шаралары мен олармен күресу жолдары негізгі мақсат екені ескерілді.