«Біз мәңгілік ел ұландарымыз» » Қарасай ауданының білім бөлімі
Алматы облысы
"Қарасай ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72771)2-10-80
Бухгалтерия:
+7 (72771) 2-10-80
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » «Біз мәңгілік ел ұландарымыз»
18
октябрь
2019

«Біз мәңгілік ел ұландарымыз»

    18 қазан күні Тараз қаласы 5513 әскери бөлімі базасында Жамбыл облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру» «Біз мәңгілік ел ұландарымыз» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын орындау мақсатында және Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 74 жылдығы сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 27 жыл толуына орай, облыстық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының әскери-патриоттық клубтары арасында «Жас ұлан» әскери-спорттық ойындары өтті. Жарысқа Жуалы ауданы намысын қорғауға Қарабастау ауылы №3 Қ.Қошманбетов атындағы орта мектебінің «Айбын» әскери патриоттық клубы оқушылары қатысып, жалпы командалық есепте 3-орынды иеленіп, мақтау қағаздармен марапатталды. Команда жетекшісі аталған мектеп «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін оқытушы-ұйымдастырушысы сержант Тірібосынов Русланға алғыс білдіреміз.

        Білім бөлімінің БӘ және Тех-қ дайындық пәні әдіскері А.Сатыбалдиев

 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив