Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау және өмір сүру жағдайларын зерттеу » Қарасай ауданының білім бөлімі
Алматы облысы
"Қарасай ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72771) 5-44-57
Бухгалтерия:
+7 (72771) 5-44-57
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау және өмір сүру жағдайларын зерттеу
16
июнь
2025

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау және өмір сүру жағдайларын зерттеу

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмір сүру жағдайын тексеру бойынша⤵️
Ағымдағы жылдың 16 маусым күні “Қарасай ауданы білім бөлімі”мемлекеттік мекемесіне қарасты қорғаншылық және қамқоршылық органы, Қарасай клиникалық көпбейінді орталық аудандық көпсалалы ауруханасының психологы және Қарасай аудандық полиция бөлімінің қызметкерімен бірлесіп, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмір сүру жағдайын тексеру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. 

⚜️Тексерудің басты мақсаты — балалардың қауіпсіз ортада өмір сүруін қамтамасыз ету, тұрмыстық және психологиялық жағдайын анықтау, сондай-ақ олардың құқықтарының сақталуын бақылау.⚜️

Аталған іс-шара аясында төмендегі ауылдық округтер бойынша 9 отбасыға тексеру жүргізілді:

🔸Елтай ауылдық округі

🔸Жібек жолы ауылдық округі

🔸Ұмтыл ауылдық округі


Тексеру нәтижелері:

🔹Барлық отбасылардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тұрып жатқаны расталды.

🔹Балалардың денсаулық жағдайы мен гигиеналық талаптарға сәйкестігі бақыланды.

1 отбасында кәмелеттік жасқа толмаған мүгедек баланың жағдайын анықтап, тиісті әлеуметтік көмек көрсету туралы ұсыныстар берілді.

🔹Психолог маман тарапынан 9 балаға жеке әңгімелесу жүргізіліп, әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетілді.

🔹Құқық қорғау органы өкілі тарапынан отбасы мүшелеріне балалардың құқықтарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


Қорытынды:

Жүргізілген тексеру нәтижесінде жалпы алғанда балалардың өмір сүру жағдайы жақсы деп бағаланды. Дегенмен, кейбір отбасыларда қосымша әлеуметтік қолдауды қажет ететін жағдайлар анықталып отыр.
Ұсыныстар:

1. Тұрмысы төмен отбасыларды аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолдау.


2. Психологиялық қолдауды қажет ететін балалармен тұрақты түрде жұмыс жүргізу.


3. Ата-аналар мен қамқоршылар арасында балалардың құқықтары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру.


4. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайына тұрақты мониторинг жүргізу.

( Фотосуреттер кәмелеттік жасқа толмаған балаларлың заңды өкілдерінің рұқсатымен түсірілді)
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив