03
март
2026
Алғыс айту күні
2026 жылдың 3 наурыз күні Білім бөлімінің басшысы Асел Аблеевнаның ұйымдастыруымен Долан жайлы мектебінде Алғыс айту күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шара барысында бөлім басшысы білім беру мекемелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп, олардың тұрақты жұмыс істеуіне зор үлес қосып жүрген кіші қызметкерлерді айтулы мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді. Салтанатты жиында кіші қызметкерлердің атқарып жүрген өлшеусіз еңбегі мен қажырлы қайраты ерекше атап өтіліп, олардың адал қызметі мен жауапкершілігіне жоғары баға берілді. Бұл басқосу өзара сыйластық пен құрметтің жарқын көрінісіне айналды.



