17
февраль
2020
«Python программалау тілін оқытудың әдістері» тақырыбында информатика пәні мұғалімдеріне арналған онлайн семинар-практикум өтті.
ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ
14 ақпан күні білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде «Python программалау тілін оқытудың әдістері» тақырыбында информатика пәні мұғалімдеріне арналған онлайн семинар-практикум өтті. Іс-шара барысында 182 пән мұғалімдері тақырып бойынша тәжірибе алмасып, әдіс-тәсілдермен бөлісті.