04
июнь
2020
ЖУАЛЫЛЫҚ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ АТТЕСТАТТАР ТАПСЫРЫЛДЫ
ЖУАЛЫЛЫҚ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ АТТЕСТАТТАР ТАПСЫРЫЛДЫ
Бүгін ауданымызда 17 мектепте соңғы қоңырау соғылды. Қазіргі таңда ауданымызда жалпы орта білім беретін 39 мектеп болса, оларда 1759 мұғалім дәріс беріп келеді.
Биылғы оқу жылында 719 бала мектеп бітіріп отыр. Оның 684-сы Ұлттық бірыңғай тестке қатысуға өтініш білдірген. «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер саны 27, үздік аттестатқа 44 оқушы үміткер.
Мерекелік шара мектеп қабырғасында, таза ауада, тек 11 сынып оқушылары мен ата-аналардың қатысуымен және барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.
Түлектер арасында ара-қашықтық, маскалық режим және қатысушылар санын шектеу талаптары сақталды.