04
июнь
2018
Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№20 Жамбыл атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі директор лауазымына орналасуға конкурс жариялау туралы ХАБАРЛАМА 1. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі Рысбек Батыр ауылы, Рысбек батыр көшесі №8 үйде орналасқан Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№20 Жамбыл атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: 1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі; 2) педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді; 3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, ЖОО және әдістемелік қызмет қызметкерлерін қоспағанда); 4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 5) соттылығының жоқ екені туралы анықтама. Орта білім беру мекемесі директорының лауазымдық жалақысы № Санаты Лауызымдық жалақысы өткерген жылдарын есептегенде Теңгеден Теңгеге дейін 1 А1 -3 103085 124985 Орта білім беру мекемесінің директоры ( cанаты А1-3 ) – 1 бірлік Функционалдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және материалдық – техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығы лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер континентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, баспаналық, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай отырып, оларға жағдай жасайды. Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды асырап бағу үшін белгіленген мөлшерден кем емес жағдаймен қамтамасыз етеді. Оқу – тәрбие процессі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қаіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Оқушыларды қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану және медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады және оған бақылау жүргізеді. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына басшылық етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражатын түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді. Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу – материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитарлық –гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді. Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауды жүргізеді. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің аясында жаза белгілейді. Жұртшылықпен, ата - аналармен ( немесе оларды алмастырушылармен ) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымын танытады,қажетті есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР « Білім туралы », ҚР« Бала құқықтары туралы », ҚР«Тіл туралы », «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы », ҚР «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы » заңдарын және басқада білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; менеджмент негіздерін, қаржы–шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника кауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын;санитарлық ережелер мен нормаларды. Конкурсқа қатысу үшін, үміткер: 1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш; 2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3) білім туралы құжаттың көшірмесі; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото; 6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме; 7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса); 8) медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат; 9) соттылығының жоқ екенін туралы анықтама; 10) Мектепті дамытудың перспективалық жоспарын ұсынады. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері нотариалды немесе жұмыс орнының кадрлық қызметі тарапынан куәландырылады. Көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың Конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады. Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі хабарлама жергілікті «Жаңа-өмір» газетінде ресми түрде жарияланғаннан соң 7 жұмыс күн ішінде құжаттарды сағат 9.00-ден 19.00 ге дейін Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі №11 үй адрес бойынша қабылдауды жүзеге асырады. (Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондар: 2-11-70, 2-01-40, факс 2-11-70, электрондық адрес: Juali_edu@mail.ru) Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Мәңгілік Ел» тәрбие-білім беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі директор лауазымына орналасуға конкурс жариялау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ А1-3 санаты бойынша жоғары педагогикалық білімі немесе тиісті бейін бойынша жоғары білімі, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. «Мәңгілік Ел» тәрбие-білім беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі директордың лауазымдық жалақысы. № Санаты Лауазымдық жалақысы өткерген жылдарын есептегенде Теңгеден Теңгеге дейін 1 А1 -3 103085 124985 1.Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Мәңгілік Ел» тәрбие-білім беру орталығы» директор– 1 бірлік; (080300, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Б.Момышұлы көшесі, №1 ); Функционалдық міндеттері: Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдарын ұйымның Жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы әлеуметтік, қосымша білім беретін, коммуникативті қызметтерді көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысы мен өзара әрекетін ұйымдастырады. Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды. Шағын аудандарды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде ұйымның білім алушыларының және қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдай жасайды. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша алыс және жақын шетелдер балаларына арналған қосымша білім беру ұйымымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Басқару құрылымын анықтайды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады. Білім алушылар контингентін қалыптастырады. Педагогикалық қызметкерлер мен әдістемелік бірлестіктер жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңес пен қоғамдық ұйымдар, оның ішінде балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Есепті, оқу-материалдық базаларды сақтауды және толықтыруды, санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті сақтау және техника қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық кадрлар мен қосалқы персоналдарды іріктеу және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың ата-аналарымен (оларды алмастырушы тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді. Есептілікті дайындау және қажетті ұсынысты қамтамасыз етеді. Барлық органдарда ұйымның мүддесін қорғайды және Қазақстан Республикасы заңнамаларында тыйым салынбаған өзге де қызметтерді жүзеге асырады. Конкурсқа қатысу үшін, конкурсқа қатысушы үміткерлерге, Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары жұмысының бейіні және оның ерекшеліктерін, жасөспірім және жеткіншек жастағы психологияның жас ерекшеліктерін, әртүрлі әлеуметтік ортадағы психология, әлеуметтану және жұмыс ерекшелігін, жалпы және отбасы педагогикасының негіздерін, экстремальді жағдайларды анықтау әдістерін, жасөспірімдер мен жастар үшін консультациялар жүргізу әдістерін, қиын жасөспірімдермен және жастармен жұмысты ұйымдастыру, педагогика, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін, экономика, қаржы-шаруашылық қызметі, еңбек туралы заңнамаларын, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды. Конкурсқа қатысу үшін 1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; 3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген); 4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін; 6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады. Конкурсқа қатысушы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады. Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар) ұсынады. Төмендегі адрес бойынша конкурс жергілікті «Жаңа өмір» газетінде ресми түрде жарияланғаннан соң 15 күнтізбелік күн ішінде конкурстық комиссияға сағат 9.00 ден 19.00 ге дейін өткізіледі. (080300, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, №11 үй, анықтама үшін телефондар: 2-01-40, 2-11-70, факс 2-11-70).