Хабарландыру- "Жылдың үздік мұғалімі-2021" » Қарасай ауданының білім бөлімі
Алматы облысы
"Қарасай ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72771) 5-44-57
Бухгалтерия:
+7 (72771) 5-44-57
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Хабарландыру- "Жылдың үздік мұғалімі-2021"
13
сентябрь
2021

Хабарландыру- "Жылдың үздік мұғалімі-2021"


ЖҮКТЕУ erezhe-zhyl-malm-2021-zh.doc [84,5 Kb] (cкачиваний: 10)
Посмотреть онлайн файл: erezhe-zhyl-malm-2021-zh.doc


Облыстық білім басқармасының
2021 ж.  « ___ »   ____________
№ __________  бұйрығына
1  қосымша
Облыстық «Жылдың үздік мұғалімі»
байқауының ЕРЕЖЕСІ
 Білім басқармасы облыс Әкімінің қолдауымен «Жылдың үздік мұғалімі» байқауының облыстық кезеңін  ұйымдастырып, өткізеді.
Байқаудың мақсаты:
Шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, парасатты өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік   шеберлігі қалыптасқан, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау.
Байқаудың міндеттері:
  • Педагогтардың әлеуметтік, кәсіби беделді тұлғасын қалыптастыру, мадақтау және қолдау көрсету;
  • Білім беру жүйесі педагогтарының шығармашылық әлеуетін ашу;
  • Мұғалім кәсібінің мәртебесін көтеру;
  • Мұғалімдерді өз кәсіби құзырлылықтарын жетілдіруге ынталандыру;
  • Озық педагогикалық іс-тәжірибелерді насихаттау және тарату.
Байқауды өткізуді ұйымдастыру
  • Байқау  Алматы облысы білім басқармасы бекіткен Ережеге сәйкес өтеді;
  • Байқауға қатысуға әр ауданнан (қаладан) бір ғана жеңімпаз жіберіледі; 
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
  • Білім беру мекемесінің штаттық педагогикалық қызметкері болуы шарт;
  • Байқауға қатысушының педагогикалық еңбек өтілі 6 жылдан кем болмауы тиіс. 
Байқауға қатысу тәртібі:
Үміткер облыстық конкурстың  ұйымдастыру комитетіне электронды нұсқада тапсырады. 
  • аудандық (қалалық) білім бөлімінің ұсынысы: 
  • телесабақтар нұсқасында жасалған бейнесабақ, ұзақтығы: 15 минут; 
  • мұғалімнің жетістіктерін айқындайтын электронды портфолиосы (қосымша 1). Портфолио мен  бейнесабақты  2021 жылдың  20 қыркүйегінде облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығына өткізеді. Анықтама тел: 87282 40-12-48
Байқаудың ІІІ, ІV бетпе-бет кезеңі  2021 жылдың 24 қыркүйегінде өтеді 
І  кезең (сырттай).
     Сабақ, ұзақтығы: 15 минут; 
  • телесабақтар нұсқасында жасалған бейнесабақ, ұзақтығы: 15 минут. Бағалау балдық жүйемен бағаланады.
  1. Жалпы талап.
  2. МЖМБС-ға және оқу бағдарламаларына сәйкес болу;
  3. дидактикалық қағидаларды іске асыру;
  4. телевизиялық, ақпараттық-коммуникативтік және мультимедиялық технологияларды тиімді пайдалану;
  5. оқыту мақсатын тұжырымдау;
  6. жаңа оқу материалын түсіндіру, сұрақ қою;
  7. сараланған оқу тапсырмалары;
  8. қорытынды бөлім: қорытындылар, кері байланыс. 
  9. сабақты ұйымдастырудың әртүрлі әдістерін қолдану (ішінара-іздеу, эвристикалық, зерттеу, жоба жұмыстары, зерттеу, чаттарда, әлеуметтік желілерде талқылау, пошта арқылы хат алмасу). 
2. Сабақ дизайны:
– түс фоны тұрақты – түс гаммасына жақын үш түстен;
– экрандағы мәтін қысқа да нұсқа, анық, шамадан тыс жүктелмеген;
– дыбыс анық (бөгде дыбыссыз), дыбыс деңгейі бойынша біркелкі;
– видеоқатар – экран ауданының 75-100%.
3. Техникалық талаптар: 
Электрондық білім беру ресурстары: 
 Бейнежазбалар форматы мен пішімі: 
– рұқсат етілген пішім: MP4, MOV; 
– бір файлдың өлшемі-200 Mb артық емес; 
– бейнежазбаның ұзақтығы-15 минуттан аспайды
ІІ   кезең (сырттай). Байқауға қатысушылардың кәсіби қызметтегі жетістіктерін айқындайтын электронды портфолиосы мынадай критерийлер бойынша бағаланады:
       1) педагогтің кәсіби құзыреттілігі (біліктілікті арттыру, кәсіби конкурстарға қатысу, зерттеу жұмыстарының нәтижелері (әзірлемелер, жарияланымдар, жарияланған әдістемелік құралдар);
       2) педагогтің республикада, облыста білім беруді дамытуға қосқан үлесі (білім беру жобаларын педагогикалық практикаға енгізу жұмыстары, қызметінің бағыты бойынша оқу-әдістемелік кешендер, авторлық бағдарламалар әзірлеу, инновациялық педагогикалық идеяларды насихаттау).
       3) оқушылар мен тәрбиеленушілер жетістіктерінің оң серпінінде көрсетілген педагогикалық қызметтің нәтижелілігі (оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеу, оқушылар мен тәрбиеленушілердің пәндік олимпиадалардағы, конкурстардағы, ғылыми-практикалық конференциялардағы, спорт жарыстарындағы, музыкалық конкурстардағы жетістіктері);
 4) педагогтің кәсіби шеберлігін және жеке тұлғасын бағалау (алғыс хат, мақтау қағаздары, дипломдары т.б.);
ІІІ кезең Бетпе-бет. Жұмыс жүйесінің моделі  (5 мин). Бағалау балдық жүйемен бағаланады.
Байқау  тапсырмасының форматы: Инновациялық тәжірибені оқу – әдістемелік тұрғыда қолдануы және оны  демонстрациялау. (Уақыт регламенті:  5 минут, 10 слайдтан аспауы тиіс).
Бағалау критерийлері  (балдық жүйемен бағаланады):
  • ұсынылған оқыту тәсілдерінің әдістемелік негіздемесі және құндылығы; 
  • инновациялылығы (жаңашылдығы, идеялары және мазмұнының ерекшелігі);
  • практикалық мәнділігі (нәтижелерді жобалауы, тәжірибеге енгізу және тарату мүмкіндігі);
  • таныстыра алу икемділігі (ұсыну мәдениеті). 
ІҮ кезең Бетпе-бет. Импровизациялық тапсырма (3 минут).
   Байқауға қатысушы 3 минут ішінде аудитория  алдында  берілген тақырып бойынша сөйлеу шеберлігін танытуы тиіс.
Импровизациялық тапсырмаға қойылатын талаптар:
  • Аудиторияның назарын бірден өзіне аудара алу шеберлігі;
  • Сөйлеу стилін аудиторияның ерекшелігіне қарай таңдай білу қабілеті;
  • Сөйлеу әрекетінің  түріне байланысты сөздерді анық, дәл қолдана білуі; (баяндама, ой толғау, шығармашылық есеп, ұсыныс, үгіт-насихат, пікір, ой өрбіту,  құттықтау сөз т.б.);
  • Тақырыпты ашудағы пікір құндылығы, ойдың логикалық сабақтастығы, қорытынды пікірдің болуы, тіл мәдениетіне қойылатын талаптардың сақталуы; 
  • Уақытты тиімді пайдалануы.
Қазылар алқасы
Әр кезеңдік іс-шараларды талқылауға  қазылар алқасы құрылады. Оның құрамын, жұмыс тәртібін, төрелік жүйесін құрылтайшылар бекітеді. Байқаудың қазылар алқасын ұйымдастыру комитетінің ұсынуымен білім басқармасының басшысы бекітеді.
Қазылар алқасы байқауға қатысушыларға берілген тапсырмаларды, бағалаудың өлшемдерін әзірлейді.
Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың ашық сабақтарына қатысады, сонымен қатар, олардың  кәсіби шеберлігін, шығармашылық қабілеттерін ашатын байқаудың тапсырмаларын құрастырады. 
Қазылар алқасы байқаудың жүлдегерлерін анықтайды және оларды марапаттайды.
Байқау  жеңімпаздарын марапаттау 
Байқау   нәтижесі бойынша қазылар алқасы І, ІІ, ІІІ орындар және «Үздік бейнесабақ», «Үздік инновациялық тәжірибе», «Шығармашыл педагог», «Креативті педагог»  номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
Облыстық  байқауда І орын үшін берілетін сыйлықты облыс әкімі тағайындайды.  ІІ, ІІІ орындар үшін берілетін сыйлықты білім басқармасы белгілейді. Барлық қатысушыларға алғыс хат беріледі.
Байқау жеңімпаздарының іс-тәжірибелері облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығында жинақталады.
Байқау құрылтайшылары, қоғамдық ұйымдар және жеке демеушілер жеңімпаздар үшін өз сыйлықтарын белгілей алады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив