«Жемқорлықсыз – жаңа қоғамға бастаймыз» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті
№1 мектеп-гимназияда ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2019 жылға арналған медиа-жоспарға сәйкес «Жемқорлықсыз – жаңа қоғамға бастаймыз» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Оған ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша департаменті аудандық бөлімшесінің қызметкері Қ.Тұраров, аудандық полиция бөлімінің қызметкері, полиция капитаны Н.Базарбеков, бөлім мамандары мен білім бөліміне қарасты мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Мәжит Айжанов баяндама жасады. Мәжит Мамытұлы баяндамасында білім бөлімі мен білім мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды
Баяндамадан кейін әріптестер тақырып аясында пікір алмасты.
Гүсім СЫПАТАЕВА,
аудан әкімдігі білім бөлімінің
сектор меңгерушісі