2019-2020 оқу жылына көпбалалы отбасылардың балалары мен атаулы көмек алушыларға қосымша  5 мың грант бөлетінін хабарлайды » Қарасай ауданының білім бөлімі
Алматы облысы
"Қарасай ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72771) 5-44-57
Бухгалтерия:
+7 (72771) 5-44-57
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » 2019-2020 оқу жылына көпбалалы отбасылардың балалары мен атаулы көмек алушыларға қосымша  5 мың грант бөлетінін хабарлайды
26
июль
2019

2019-2020 оқу жылына көпбалалы отбасылардың балалары мен атаулы көмек алушыларға қосымша  5 мың грант бөлетінін хабарлайды

Талапкерлер мен ата-аналар назарына

 

        Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі облыстық білім басқармасының 22.07.2019 жылғы №01-3556 санды хатына сәйкес ҚР Үкіметі 2019-2020 оқу жылына көпбалалы отбасылардың балалары мен атаулы көмек алушыларға қосымша  5 мың грант бөлетінін хабарлайды.

         Білім беру гранттарын тағайындауды «Бакалавр» немесе «Магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орынынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелеріне (бұдан әрі-Ереже) сәйкес жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі-ЖАО) жүзеге асырады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы                   23 қаңтардағы №58 қаулысы) .

        Конкурсқа өтініштерді қабылдау мерзімі 5-10 тамыз аралығында, білім беру гранттарын беру- 15 тамызға дейін, қабылдау-25 тамызға дейін (құжаттарды қабылдау комиссиялары қабылдайды).

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:

  • белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
  • білімі туралы құжаты (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа);
  • ҰБТ сертификаты;
  • 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

        Сонымен қатар талапкерлер көпбалалы отбасынан шыққан және атаулы әлеуметтік көмекті алатын балалар дәрежесінде екендігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс.

        Көрсетілген санаттағы тұлғалар ағымдағы жылғы 1 тамызға дейін өткізілетін білім беру грантын берудің республикалық конкурсына қатыса алады. Егерде олар республикалық кезең бойынша конкурстан өтпесе, онда ЖАО конкурсына қатыса алады.

        ЖАО білім беру гранттары өңірлердің жоғары білімі бар кадрларға қажеттілігін ескере отырып, ҰБТ сертификаттарының балына сәйкес конкурстық негізде тағайындалады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив