11
апрель
2025
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы – ұлт болашағына ортақ қадам
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы – ұлт болашағына ортақ қадам Қазақстан Республикасы Оқу‑ағарту министрлігінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 194 бұйрығына және Мемлекеттік кеңесшінің төрағалығымен өткен 14 қарашадағы кеңестің хаттамалық тапсырмасына сәйкес еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Осыған орай Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастырған жиында Қарасай ауданы білім бөлімінің басшысы Еркімбаева Әсел Әблеевна аудан бойынша атқарылып жатқан іс‑шаралар туралы баяндама жасады. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Қарасай ауданында жүргізілген тәжірибеге жоғары баға беріп, оны республика көлемінде таратуға ұсыныс білдірді. Ұрпақ тәрбиесі – ұлттың ұлы мұраты!