«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА!» » Қарасай ауданының білім бөлімі
Алматы облысы
"Қарасай ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72771) 5-44-57
Бухгалтерия:
+7 (72771) 5-44-57
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА!»
12
июнь
2025

«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА!»

Қарасай ауданында «Бала қауіпсіздігі – басты назарда!» атты брифинг өтті

Қарасай аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 12 маусымында «Бала қауіпсіздігі – басты назарда!» атты маңызды брифинг өткізілді. Бұл шара – ақпарат алмасудан бөлек, 19 маусым күні өтетін мектеп бітіруші түлектерге арналған аттестат табыстау салтанаты қарсаңындағы алдын алу шарасы ретінде өткізілді.

Брифингтің басты мақсаты – мектеп бітіруші түлектердің осы маңызды күнінде қандай да бір қауіпсіздік оқиғаларына тап болмауы үшін алдын ала түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Өкінішке қарай, жыл сайын дәл осындай кезеңдерде – соңғы қоңырау, аттестат тапсыру, кешкі серуендер мен мерекелік кештер кезінде – түрлі келеңсіз, тіпті қайғылы оқиғалар тіркеліп жатады. Мұндай оқиғалардың туындауына көбінесе бір сәттік бейқамдық, ата-аналық бақылаудың әлсіреуі мен заң талаптарының бұзылуы себеп болады.

 Шара барысында қауіпсіздік талаптары, ата-аналар мен педагогтардың жауапкершілігі, құқық қорғау органдарымен бірлесіп атқарылатын жұмыстар туралы кеңінен түсіндірілді. Брифингке 360 ата-ана офлайн қатысса, 5000-ға жуық ата-ана мен бітіруші түлектер онлайн режимде қосылды.

 Білім бөлімі барлық ата-аналар мен мектеп бітірушілерді сақтық шараларын қатаң ұстануға және әр баланың амандығы үшін ортақ жауапкершілік танытуға шақырады!


https://www.instagram.com/reel/DKymKKHzYuG/?igsh=MTV3em1vaWg4MDRmcA==
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив