АЛҚА МӘЖІЛІСІ » Қарасай ауданының білім бөлімі
Алматы облысы
"Қарасай ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72771) 5-44-57
Бухгалтерия:
+7 (72771) 5-44-57
Нашар
көрушілер нұсқасы
27
июнь
2025

АЛҚА МӘЖІЛІСІ

2025 жылғы 27 маусым күні Қарасай ауданының білім бөлімі аудан аумағындағы жалпы білім беретін ұйымдардың басшыларымен кезекті алқа мәжілісін өткізді. Мәжілістің негізгі мақсаты – 2024–2025 оқу жылының қорытындыларын талқылау, өзекті мәселелер бойынша кері байланыс орнату және алдағы кезеңге нақты міндеттерді айқындау болды.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

1. Білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстардың қорытындысы;
 2. 2025 жылғы білім алушылардың жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру және қосымша білім берумен қамтылуы;
 3. «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыру барысы бойынша Б.Соқпақбаев, Шамалған және Шалқар орта мектептерінің тәжірибесі;
 4. 2024–2025 оқу жылының аяқталуы және III, IV тоқсандардағы білім сапасына жүргізілген мониторинг қорытындылары;
 5. Аудан педагогтері мен оқушыларының 2024–2025 оқу жылындағы кәсіби байқауларға, олимпиадалар мен конкурстарға қатысуына жүргізілген талдау;
 6. Әртүрлі мәселелер (жылыту маусымына дайындық, жөндеу жұмыстары және т.б.).

Алқа мәжілісі барысында аудан мектептерінің жұмыс барысы сараланып, келесі оқу жылына нақты міндеттер айқындалды.
Білім бөлімі басшылығы тарапынан мектеп директорларына көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді. Барлық білім беру ұйымдарына оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру, қауіпсіз орта қалыптастыру және әр оқушының әлеуетін дамыту бағытындағы жұмыстарды күшейту ұсынылды.

[video=]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив