09
июль
2025
«Аламан Құрақ – 2025»
Алматыдағы әйгілі Медеу мұз айдынында қазақтың ұлттық өнері жаңа деңгейге көтерілді. Мұнда 660 қолөнер шебері бірігіп, жалпы аумағы 1366,8 шаршы метрді құрайтын құрақ көрпелерді жайып, әлемдік рекорд орнатты. «Аламан Құрақ – 2025» деп аталған бұл ерекше мәдени шара Global World Book of Records кітабына ресми түрде тіркеліп, ұлттық құндылықтарды халықаралық деңгейде насихаттауға жол ашты.
Бұл бастамаға еліміздің түкпір-түкпірінен шеберлер қатысып, олардың қатарында Қарасай ауданы Ы.Алтынсарин мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі Утесинова Сәуле, 7 д сынып оқушысы Наябек Нұрайым, биыл 1 сынып есігін ашқалы отырған Наябек Перизат және жоба авторларының бірі аналары Хурлиман Ешанова қатысып, өз бақтарын сынады.
Аталған мектеп оқушылары шараның ең кішкентай қатысушылары болды.
Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті жастайынан бойына сіңірген бұл балалардың қатысуы — ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі.