17
июль
2025
NYFA Kazakhstan және Dala.edge гранттар байқауы!
NYFA Kazakhstan және Dala.edge гранттар байқауы! Қаскелең қаласындағы New York Film Academy (NYFA) Kazakhstan кампусы мен Dala.edge креативті технологиялар паркі шығармашылық мамандықтар бойынша оқуға арналған гранттар конкурсын жариялады!
Бағыттар:
3D-анимация
Визуалды эффектілер
Гейм-дизайн
Бір жылдық оқу үшін:
100% тегін (толық грант)
50% жеңілдік (ішінара грант)
Өтінім беру мерзімі: 2025 жылдың 8 тамызына дейін
kaz.nyfa.edu арқылы өтінім беріп, креативті жоба немесе идеяңызды жүктеңіз!
NYFA — әлемге танымал шығармашылық академия. Қаскелеңдегі кампус — оның Азиядағы жалғыз ресми өкілі. АҚШ мамандары оқытатын бұл бағдарлама сізге шетелге шықпай-ақ, халықаралық деңгейдегі білім мен диплом алуға жол ашады!
Байқау жеңімпаздарына:
Білім
Қаржылық қолдау
Менторлық көмек
Жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі — Dala.edge экожүйесінде! Шығармашылығыңа серпін беретін мүмкіндік — сені күтіп тұр!


