25
август
2025
Еліміз бойынша екінші және Алматы облысы бойынша алғашқы мектеп болып «GSED» халықаралық дипломдық бағдарламасын жүзеге асыруды қолға алды
Ауданымыздағы В.Белинский атындағы орта мектеп тағы бір үлкен жетістікке жетті. Еліміз бойынша екінші және Алматы облысы бойынша алғашқы мектеп болып «GSED» халықаралық дипломдық бағдарламасын жүзеге асыруды қолға алды.
Нақты айтқанда, таяуда мектеп басшылығы «Swiss Innovators Club» (Швейцария) білім беру қауымдастығымен меморандум жасасты. Оның аясында 3-11 сынып оқушылары негізгі білімімен қатар пәндерді онлайн және офлайн режимінде ағылшын тілінде оқып, тіл деңгейін көтеріп қана қоймай, сондай-ақ «Екінші халықаралық орта білім» аттестатын ала алады.
Бағдарламадағы оқыту халықаралық танылған «K-12», Common Core (АҚШ) стандарты бойынша өтеді. Оны аяқтаған оқушыға Калифорния штатының талаптарына сәйкес аккредиттелген Америка орта мектебінің U.S. High School Diploma аттестаты беріледі.
Мектеп директоры Тұрсын Сайбырованың айтуынша, аталған бағдарламаға 3 сыныптан бастап 12 сыныпқа дейінгі оқушылар қатысады. Өздігінен оқыту әдеттегі сабақтардан тыс уақытта, аптасына орта есеппен 5-6 сағат жүргізіледі. Оқушылар арнайы интернет платформаға кіріп, шет елдік ұстаздардан сабақ алады. Бағдарламаны жақсы нәтижелермен аяқтаған түлек өзі қалаған шет елдік университетке грант негізінде түсе алады.
«GSED» ақылы, яғни бұл бағдарламамен оқитындар бір жылға 550 доллар төлейді. Бұл жерде бір айта кетерлігі, негізгі оқу ақысы 3500 доллар, алайда екі ортада жасалған меморандум арқасында Белинский оқушылары тек 550 доллар төлейді.
Бұл бағдарлама аталған мектеп білімгерлері үшін ағылшын тілін жақсы меңгерумен қатар болашақта шет елдің кез келген үздік университетіне оқуға түсуіне жол ашады.