06
август
2025
«Келешек мектептері» жобасы аясында Бұлақты ауылында жаңа білім ошағы
«Келешек мектептері» жобасы аясында Райымбек ауылдық округіне қарасты Бұлақты ауылында жаңа білім ошағы бой көтеруде. Президенттің тікелей тапсырмасымен салынып жатқан ғимараттың қазіргі құрылыс қарқыны жаман емес. Қабырғасы қаланып, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарына күш салынуда. Құрылысына жауапты компания өкілінің сөзіне сүйенсек, нысанды қолданысқа беретін күн де алыс емес.
Бұлақты ауылында осы уақытқа дейін тозығы жеткен бір қабатты білім мекемесі болған. Оның өзі бастауыш сыныпқа арналған. Ал ауыл балалары жақын маңдағы елді мекендерге барып оқып жүрді. Енді, міне, жаңа мектеп салынып, ел игілігіне берілу жоспарлануда.
900 оқушыға арналған білім ошағы 3,18 га жер телімінің аумағына салынуда. Оның тапсырыс берушісі – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ. Аталған компания қаржыландырып отырған мектептің бой көтеруіне «Құрылысшы-ТБС» ЖШС мердігер мекеме ретінде жауапты. Ғимараттың жалпы ауданы 14 250 шаршы метрді құрайды.
Бүгінде үш қабатты мектептің құрылыс барысы жоспарға сай жүргізілуде. Нысанның төлқұжатындағы сандарға көз тастасақ, ғимараттың алғаш қазығы 2023 жылы қағылып, сол кезден бастап іргетасы қалана бастаған. Қазіргі сипаты жаман емес. Сырты қапталып, ішкі жұмыстарына көп көңіл бөлінуде. Жоғары және кіші сыныптар үшін үш спортзал қарастырылған. Кабинеттері жақын уақытта сапалы жиһазбен жабдықталмақ. Ал мектептің пайдалану мерізіміне келер болсақ, оның да ауылы алыс емес сияқты. Бұл жайында құрылыс басшысы Елубай Сатыбалдиев жауап беріп, қазіргі жұмыстың жай-жапсарына тоқталды.
Айта кетейік, өткен жылы ауданымызда 7 мектеп ашылды. Соның алтауы «Келешек мектептері» жобасы аясында қолданысқа берілсе, біреуі жергілікті бюджет есебінен салынды. Ал биыл тағы үш мектеп жоспарда тұр. Солардың қатарында жоғарыда атап өткен «Келешек мектептері» жобасы аясында жүзеге асып жатқан Бұлақты мен Алмалыбақ ауылдарындағы білім ошақтары бар. Одан бөлек оқушының жан басына қаржыландыратын «Асыл арман» тұрғын үй кешенінің маңындағы ғимаратты да атап өтуге болады.
[media=]