“Келешек” мектептері мен Сүлеймен Демирель университеті арасында ынтымақтастық орнатылды » Қарасай ауданының білім бөлімі
Алматы облысы
"Қарасай ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72771) 5-44-57
Бухгалтерия:
+7 (72771) 5-44-57
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » “Келешек” мектептері мен Сүлеймен Демирель университеті арасында ынтымақтастық орнатылды
07
август
2025

“Келешек” мектептері мен Сүлеймен Демирель университеті арасында ынтымақтастық орнатылды

Ауданымыздағы “Келешек” мектептері мен Сүлеймен Демирель университеті арасында ынтымақтастық орнатылды Ауданымыздағы “Келешек” мектептері 2025-2026 оқу жылына жаңа стратегиялық мақсаттар қойып, жоғары оқу орындарымен өзара байланысты нығайту бағытында жұмыстарын бастады.
Осы мақсатта Сүлеймен Демирел университетімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Кездесу барысында білім беру сапасын арттыру, заманауи педагогикалық технологияларды енгізу, мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау және оқушылардың жоғары оқу орнына бейімделуіне жағдай жасау бойынша бірлескен жобалар талқыланды.
Отырыс нәтижесінде келесі бағыттар бойынша нақты іс-шаралар жоспары құрылып, тараптарға нақты міндеттер жүктелді:
- Мұғалімдерге арналған біліктілік арттыру курстары;
- Оқушыларға арналған пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар конкурстары;
- Студенттер мен оқытушылар тарапынан тәжірибе алмасу;
- Университет базасында оқушыларға арналған таныстырылым сабақтары мен кәсіби бағдар беру.

Аталған ынтымақтастық екі жаққа да тиімді болмақ және білім беру жүйесінің сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталады.
 
[media=]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив