12
апрель
2023
СЕНІМГЕ СЕЛКЕУ ТҮСПЕСІН
Қай дәуірде де адамды жарға жығатын - жауапсыздық пен жалғандық. Жалған ақшамен абыройға кір келтіріп, мемлекет қаржысын жымқырғандарды естігенде көңілің құлазиды. Халықтың алғысына емес, наласына қалғанжемқорлар артында өсіп келе жатқан ұрпаққа қандай өнеге болмақ? Қара басының қамын күйттегендердің жатқылығы елдің болашағына балта шауып жатыр.Оларға тосқауыл болу үшін ашықтық пен
жариялылық жетіспейді бізде. Сенімге селкеу түсірген парақорлардың жолын тоқтату үшін заң талаптарын күшейтіп, бала тәрбиесіне аса көңіл бөлу керек. Тәрбиесі әлсіз отбасының балалары өскенде мұндай қылықтарға қырын қарайтыны анық. Мақсатқа жету жолында адамшылығымызды былай қойып, ұяттан безіп жатпайтынына кім кепіл? Себебі жергілікті жерден бастап жоғары билікке дейінгі аралықта қолға түсіп жатқандарды естіп-көріп жүрміз. Қай кезде болсын, мемлекеттік қызметшілер елдік істі атқаруда халық куә болып отырған жұмысты ертең қатырам деп бұра тартып, жауапсыздыққа бой алдырмауы керек. Себебі сенімсіздіктің арқауы кеселден құтылмай, ел өркені өсіп, қазақ елінің мерейі биіктей қоймайтынын ұмытпаған жөн.Сыбайлас жемқорлық факісі орын алған жағдайда Алматы облысы әкімдігінің білім басқармасы Карасай ауданы білім бөлімінің сенім телефонына +7 (72771)2-10-80 немесе 1424 орталығына қоңырау шалсаңыздар болады.
Алматы облысы әкімдігінің
білім басқармасы Карасай ауданы білім бөлімі