13
август
2025
“Балақайлар мектебі” — мектепке сенімді қадам!

2025 жылдың 4-29 тамыз аралығында Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебінде “Балақайлар мектебі” табысты жұмыс жасауда. Бұл жоба мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған бүлдіршіндерге арналған.
1-сыныпқа қадам басқалы тұрған балалар алғашқы күннен бастап бір-бірімен тіл табысып, достық қарым-қатынас орната білді. Қызықты ойындар мен танымдық тапсырмалар балалардың мектеп өміріне деген қызығушылығын арттырды.
Бағдарлама аясында зияткерлік, мотивациялық және эмоционалдық дайындық жұмыстары жүргізіліп, жайлы әрі қауіпсіз атмосфера қалыптастырылды. Бұл шара баланың мектепке бейімделу үдерісін жеңілдетіп, алдағы оқу жылына сенімді бастау жасауына мүмкіндік береді.
[media=]