Қарасай ауданының делегациясы Республикалық тамыз конференциясына қатысып, еліміздің білім беру жүйесін дамытуға бағытталған өзекті мәселелерді талқылауға атсалысты. » Қарасай ауданының білім бөлімі
Алматы облысы
"Қарасай ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72771) 5-44-57
Бухгалтерия:
+7 (72771) 5-44-57
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Қарасай ауданының делегациясы Республикалық тамыз конференциясына қатысып, еліміздің білім беру жүйесін дамытуға бағытталған өзекті мәселелерді талқылауға атсалысты.
17
август
2025

Қарасай ауданының делегациясы Республикалық тамыз конференциясына қатысып, еліміздің білім беру жүйесін дамытуға бағытталған өзекті мәселелерді талқылауға атсалысты.

🔹Қарасай ауданының делегациясы Республикалық тамыз конференциясына қатысып, еліміздің білім беру жүйесін дамытуға бағытталған өзекті мәселелерді талқылауға атсалысты.
🔹Келешек мектептерінің басшыларына арнайы «Келешек мектептері: стратегиялық мақсаттар мен нақты нәтижелер» атты секциялық жұмыстары өткізілді. Секция жұмыстары барысында директорлар «Келешек мектептерінің моделі», «МЖБС және үлгілік оқу жоспарының негізгі ерекшеліктері», «Педагогтерді оқыту», «Академиялық адалдық қағидаларын сақтау», «Мектеп аккредитациясына дайындық» тақырыптары бойынша ақпараттар алады.

🔹Биылға жылы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Келешек мектептері» жобасына әдістемелік сүйемелдеу жұмыстарын жүргізетінін мәлімдеді. Бұл бастама заманауи мектеп моделін дамыту мен сапалы білім беруді қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

🔹Саммит барысында ұсынылған идеялар мен тәжірибелер Қазақстанның білім беру жүйесін жетілдіруге және педагогтердің кәсіби дамуына зор үлес қосатынына сеніміміз мол.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив