02
сентябрь
2025
Қарасай аудандық білім бөлімі оқулықтарды таратуды бастады

Қарасай аудандық білім бөлімі 2025-2026 жаңа оқу жылы қарсаңында аудан мектептерін оқулықтармен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырды.
Аталған шара аясында барлық білім беру ұйымдарына оқу бағдарламасына сәйкес қажетті оқулықтар жеткізілуде. Бұл – оқушылардың сапалы білім алуына, мұғалімдердің оқу процесін жүйелі түрде жүргізуіне жасалған маңызды қолдау.
Қазіргі таңда оқулықтар аудан мектептеріне жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен таратылып жатыр. Бұл жұмыстардың басты мақсаты – жаңа оқу жылы басталғанға дейін әрбір оқушыны қажетті оқу құралдарымен толық қамтамасыз ету.
Қарасай аудандық білім бөлімі аталған істің білім сапасын арттыруға, жас ұрпақтың заманауи талаптарға сай білім алуына мүмкіндік беретініне сенімді.
[media=]