МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТ — ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ » Қарасай ауданының білім бөлімі
Алматы облысы
"Қарасай ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72771) 5-44-57
Бухгалтерия:
+7 (72771) 5-44-57
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТ — ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ
07
март
2026

МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТ — ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ

МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТ — ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ ✨ 
Қарасай ауданының білім саласы үшін айтулы әрі қуанышты жаңалық! 
🇰🇿 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2026 жылғы 3 наурыздағы Жарлығына сәйкес, Қарасай аудандық білім бөлімінің басшысы Еркимбаева Асел Аблеевна «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бұл жоғары марапат — Асел Аблеевнаның еліміздің білім беру саласын дамыту жолындағы көпжылдық қажырлы еңбегінің, кәсіби біліктілігі мен табанды қызметінің лайықты бағасы. Аудан мектептерінің сапасын арттырудағы, жас ұрпаққа сапалы білім берудегі және ұстаздар қауымының мәртебесін биіктетудегі үлесі өлшеусіз. Құрметті Асел Аблеевна! Сізді осынау лайықты марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің басшылық қабілетіңіз бен ісіне деген адалдығыңыз көпке үлгі.
Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық және білім беру жолындағы еңселі еңбегіңізге толағай табыстар тілейміз.
Биік белестерді бағындыра беріңіз! 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив